Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Креативті индустрия кәсіпкерлеріне 500 грант бөлінбек

22 желтоқсан 2022, 16:45

Креативті индустрия кәсіпкерлеріне 500 грант бөлінбек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда келесі жылы креативті индустрия кәсіпкерлері үшін жалпы сомасы 500 млн теңгеге 500-ге дейін грант бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

Алматының креативті индустрияларды дамытудағы әлеуетін ескере отырып, «Almaty creative» Даму институты құрылды.

2023 жылы бастапқы капиталдандыру 10 млрд теңге болатын венчурлық қорды пилоттық іске қосу жоспарға енген, оның 50%-ы жеке қаражат.

«Қорды басқаруды Бас әріптес, атап айтқанда, креативті салада жұмыс тәжірибесі бар және конкурстық негізде таңдалған және тиісті құзыреттері мен дағдылары бар институционалдық инвесторлардың қатысуымен тікелей инвестициялар қорларын басқаратын тәуелсіз халықаралық басқарушы компания жүзеге асырады», - деді Әлішер Әбдіқадыров.

2023 жылға қала бюджетінде 5 млрд теңге қарастырылған. Жеке инвестициялар есебінен кемінде 5 млрд. теңге тартылады.

Қордың инвестициялары бес бағытқа – кино, сахна өнері, музыка, цифрлық ойын-сауық, дизайн және сән салаларына шоғырландырылады.

Алматыда креативті индустрия саласында 27 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.