Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кірісі мен шығысы сәйкес келмейтін шенеуніктер айыппұл төлеп, қызметтен қуылады

30 желтоқсан 2022, 09:32

Болашақта Қазақстанда кірісі мен шығысы сәйкес келмейтін шенеуніктер айыппұл төлеп, қызметтен қуылады, деп хабарлайды Экспресс К.

Нақтырақ айтсақ, 2027 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің декларациялардағы кірістері мен шығыстарындағы алшақтық тексеріледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты.


Кіріс пен шығыс арасы 1000 АЕК-тен, яғни үш миллион теңгеден аспауы тиіс. Егер мемлекеттік қызметкердің жылдық табысы бес миллион теңге болса, ал ол мүлікті тоғыз миллион теңгеге сатып алса, онда ол 1000 АЕК, яғни үш миллион теңгеден асып кеткен, - дейді Ұлан Сарқұлов.


Осындай жағдайда айыппұл салынады екен. Сөйтіп, ол мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту көздеп отырмыз деп айтты.