«Күнделік» платформасы оқушылар мен ата-аналар үшін ақылы болады

23 қыркүйек 2022, 16:45

Қазақстандық Telegram-чаттарда «Күнделік» бағдарламасы немесе электронды күнделік ақылы болады, енді ата-аналар баланың үлгерімін тексеру үшін ақша төлейді деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

 

 

Бұл ақпаратты ҚР Оқу-ағарту министрлігі жоққа шығарды.

 

– «Күнделік» – қазақстандық мектептерге арналған цифрлық білім беру платформасы.  Негізгі функционал оқушыларға, педагогтерге және ата-аналарға тегін ұсынылады. Бұл кіру, бағалау, үй тапсырмалары, сабақ жоспарлары және т.б.. Бұл опциялардың ақылы болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

Баршаңызды әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпаратқа сенбеуге және оны әрдайым ресми дереккөздерде тексеруге шақырамыз.