Құпия құжаттар вакцинацияның депопуляция құралы екенін дәлелдейді

21 желтоқсан 2022, 13:18

Әлеуметтік желілерде Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинация депопуляция құралы екенін және қазірдің өзінде кемінде 0,75 миллион адамды өлтіргенін дәлелдейтін құпия құжаттар жарияланғаны туралы жазылуда. Бұл жалған.

Бұл ақпараттың дереккөзі – The Exposé порталы. Бұл – танымал жалған ақпарат көзі. Портал біржақты пікір ұстанады және псевдоғылыми жаңалықтар мен қастандық теорияларын жариялайды. 


Жарияланған Pfizer құжаттары депопуляция теориясын дәлелдемейді, деп жазды америкалық фактчекерлер.


Мәселе мынада, бұл құжаттар шын мәнінде Pfizer-BioNTech COVID-19 қарсы вакцинасының тіркеуден кейінгі жанама әсерлері туралы аналитикалық есептер болып табылады. Мәтінде депопуляция, халықтың азаюы немесе жаппай өлім туралы жазылмаған.


Вакциналардан 0,75 миллионнан астам адам көзжұмғаны туралы пікір мүлдем негізсіз. Қазнетте таралған мәтінде бұл деректердің көзі Рейнер Фулмих екендігі хабарланған. Ол бұған дейін COVID-19 пандемиясын сахналаған «үкімет өкілдерімен және ПТР тест өндірушілерімен» соттаспақ болған вакцинацияға қарсы танымал тұлға. «Трибунал» туралы атышулы жаңалықтар 2020 жылдың бірінші жартысында шықты, бірақ одан әрі жалғасқан жоқ, өйткені пандемия және оны тудырған ауру да бар және оның пайда болуына кәсіпкерлер де, саясаткерлер де кінәлі емес.


Жалпы, COVID-19 пандемиясында Рейнер Фулмих бірқатар негізсіз мәлімдемелер жасады. Оны фаткчекерлер жоққа шығарды. Вакцинацияланған адамдар арасындағы миллионға жуық өлім туралы пікір де шындыққа жанаспайды. Бұл көрсеткіштерді тікелей немесе жанама түрде растайтын ресми деректер жоқ.


Қорыта айтқанда, вакциналар мен депопуляция туралы таралған хабарлама фейк. Ол өте сенімсіз жаңалықтар порталының жарияланымдарына және қастандық теориясын жақтаушының сөзіне негізделген. Бұл теорияны растайтын сенімді деректер жоқ.

stopfake.kz