Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қысқы маусым басталғалы бері 500-ден астам жолаушыға көмек көрсетілді

22 желтоқсан 2022, 17:22

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталғаннан бері 500-ден астам жолаушыға көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталғаннан бері жолшылар 500-ден астам республикалық маңызы бар күре жолдарды пайдаланушыларға көмек көрсетті. Олардың қатарында шетел азаматтары да бар. Қазан айынан бері республикалық маңыздағы автожолдарда қозғалыс 150 реттен астам шектелді. Осы уақыт аралығында жолшылар 200-ден астам көлікті жылы бокстарға орналастырып, 506 адамды жылыту пункттеріне жеткізді.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары аясында жол қызметтері күшейтілген режимге ауыстырылды. 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түні жолшылар республикалық маңыздағы тасжолдарға 1050 м3 құм-тұз қоспасын сеуіп, өңдеді.
Республикалық маңызы бар автожолдар ашық. Қазір 200-ден астам техника жұмысын жалғастыруда.

Айта кету қажет, қар құрсауында қалып қоятындардың қатарында дауылды ескертулер мен жолдың жабылғанын елемей алыс сапарға шығып кететіндер аз емес. Аталмыш хабарламаларды ескеріп, ауа-райы болжамын жіті қадағалаған абзал. Ал тасжолдарда штаттан тыс жағдай туындаса тұрғындар 1403 байланыс орталығына хабарласа алады. Мәселен, өткен түнде байланыс орталығының операторлары 2 мыңға жуық қоңырауды өңдеді.