Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

29 желтоқсан 2022, 13:06

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

 

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді.

 

Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысты.

 

Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант.

 

Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.