Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мақтааралда пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел қолға түсті

22 желтоқсан 2022, 14:26

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз азаматша өзін отбасылық жағдайы төмен адамдарға көмектесетін ұйымның өкілі ретінде таныстырып, көпқабатты үйден пәтер алып беремін деп 2 миллион теңге ақшасын алған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды, деп жазады Polisia.kz.  

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды.

Нәтижесінде сезікті жұмыссыз әйел болып шықты. Тексеру кезінде күдікті бір жыл өтіп кетсе де берген уәдесін орындамағаны анықталды.

Ол жәбірленушіден алған ақшаны бас пайдасына қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.