Маңғыстауда жол апатынан зардап шеккен екі түлек ауыр халде жатыр

26 мамыр 2022, 13:03

25 мамырда Маңғыстау облысының Сай-Өтес ауылында тасжолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті, оның екеуі ауыр халде жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген түлектердің бірінің жамбас сүйегі жарақаттанған, ол ауыр жағдайда жатыр. Жол апатынан зардап шеккен екінші түлек реанимацияға ауыстырылды. Оның миына қан кеткен, жағдайы өте ауыр, науқастың өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бұған дейін Желіде Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалған еді. Түлектер мінген көліктер қауіпті трюктер жасаған. Сонымен қатар, кадрларда мектеп бітірушілердің көліктің терезелерінен бастарын шығарып, айқайлап жүргенін байқауға болады.