Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мбаппе ӘЧ кейін алғашқы матчында өз командасын жеңіске жеткізді

29 желтоқсан 2022, 09:24

Футболдан Франция чемпионатының 16-турында «ПСЖ» Париждегі «Парк де Пренс» стадионында «Страсбург» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Қатарда өткен әлем чемпионатынан кейін сол біріншіліктің сұрмергені, Франция құрамасы мен «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің алғашқы матчы еді.

Алаң иелерінен қорғаушы Маркиньос 14-минутта Неймардың пасынан кейін өз командасын алға шығарды. Әйтсе де екінші кезеңде бәрі өзгеріп кетті. 51-минутта Маркиньос өз қақпасына гол соғып алды. Ал 63-минутта екінші ескертуін алған Неймар алаңнан қуылды. Дегенмен 90+6-минутта К.Мбаппе 11 метрлік пенальтиді мүлтіксіз орындап, «ПСЖ» клубына жеңіс әперді.

Франция чемпионатында «ПСЖ» 44 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. Келесі турда париждіктер сырт алаңда «Ланспен» ойнайды. Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси командаға әзірге қосыла қойған жоқ.

К.Мбаппе әлем чемпионатының финалындағы жеңіліс қанша ауыр тисе де, «ПСЖ» клубына тез оралғанын, мақсаты – барлық кубокті ел астанасына жеткізу екендігін айтты.

«ПСЖ» Чемпиондар лигасында да жарысты жалғастыруда. Алдағы жылы париждіктер 1/8 финалда Еуропадағы ең мықты клубтардың бірі – «Бавариямен» (Германия) кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мбаппенің әлем чемпионатынан кейін ең қымбат ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.