Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мектеп директорларының жалақысын да өсіреміз - Ғани Бейсембаев

16 наурыз 2023, 14:26

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін мектептегі басшылық лауазым иелерінің айлығы көтерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздің алдыңыздағы министрдің кезінде мұғалімдердің ғана емес, директорлар мен орынбасарларының, өзге де мектеп қызметкерлерінің айлығы өсетіні айтылған еді. Сол уәде орындалмағаны туралы шағымдар бар. Оның себебі неге байланысты?» деп сұрады журналист.

Министрдің айтуынша, биыл мұғалімдердің айлығын арттыру шарасы толық аяқталған.

Ендігі кезекте мектеп басшылығындағы лауазым иелерінің айлығы өспек.

«Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмасы бойынша, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлығы жыл сайын 25 пайыз көтеріліп отырды. Биыл тағы 25 пайыз артып, екі есе көтеру толығымен аяқталды. Келесі бағытта мектеп басшыларының айлығын да көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта да Оқу-ағарту министрілігі біршама жұмыс атқарып жатыр. Пысықтап жатырмыз, бұл оңай шаруа емес. Бүкіл оң-теріс тұстарын есептеу керек. Міндетті түрде мектеп басшыларының айлығын көтеру керек. Біз оны қолдаймыз. Өйткені осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді Ғани Бейсембаев.