Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Министр Аватардың қазақшасына баруға шақырды

16 желтоқсан 2022, 22:13

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақша дыбысталған фильмдерге қолдау көрсетуге шақырды, деп жазады BAQ.KZ.
 
 
Ведомства басшысы жазбасында фильмді сұранысқа ие уақытқа қойған кинотеатрлардың тізімін ұсынды.

«Аватар: Су жолы» фильмін ел азаматтары қазақ тілінде тамашалай алуы үшін Мәдениет және спорт министрлігі бастамашылық етіп, Disney студиясымен бірігіп үлкен жобаны қолға алды. Жаңа блокбастерді қазақ тіліне дубляждап, барлық кинотеатрға берді.  Әлбетте, кинотеатрлар - бизнес субъектісі. Десек те, қазақтілді контентке қолдау көрсетіп, фильмді сұранысқа ие уақытқа қойған кинотеатрлардың тізімін, кинокестесін сіздерге ұсынамыз.  «Аватардың» қазақ тіліндегі нұсқасына баруға шақырамын!, – деді Дәурен Абаев.