Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Министр Қазақстан синоптиктеріне қатысты сүйінші хабар айтты

16 наурыз 2023, 16:52

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қазақстандық синоптиктердің жалақысы көтерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет қызметкерлері жалақысын көтеруге бөлінетін қаражатты қамтамасыз еттік! Биыл жалақы 26-дан 111 пайызға дейін көтеріледі. Бүгін Сенат Қазгидромет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастыратын "Республикалық бюджетті нақтылау туралы" Заңды қабылдады. Кейінгі екі айда осы мақсаттарға компания бюджетін ұлғайту қажет екенін қорғап келеміз. Мен бәріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын", - деп жазды министр Instagram-парақшасында.