Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Министрлік: Банкрот болсам, қарызым кешіріледі деген - қате түсінік

21 желтоқсан 2022, 09:17

Банкрот болғанның қарызы кешірілмейді. Қаржы министрлігі Сенаттағы дөңгелек үстелде жеке тұлғалардың банкроттық жариялау процесін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Борышкер 5 жылға дейін несие рәсімдей алмайды. Жеке тұлғаның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.  

 
"Соттың шешіміне сәйкес, банкрот болған борышкердің міндетін өтеу мерзімі өткен деп саналады. Кредиторлар борышкерден қарызын өтеуін талап ете алмайды. Борышкерге айыппұл салу және сыйақы есептеу автоматты түрде тоқтатылады. Әрине, банкрот болған борышкерге несие алу, кепіл қою және өздігінен мәміле жасауға тыйым салынады", - дейді ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.


Министрлік өкілінің сөзінше, атаулы әлеуметтік көмек алатындар да өздерін банкрот деп жариялай алады. Дегенмен депутаттар мұнымен келіспей отыр.

Айта кетейік, 7 миллионнан астам отандасымыздың берешегі бар.