Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды

23 желтоқсан 2022, 13:40

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді.


 2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29%-ы.


 Бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 «зәкірлі» жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар моноқалаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.

Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін:

  •  тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту;
  •  елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу;
  • жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.