"Мөшекке күштеп салды": Оралда адамдардың иттерді қинаған сәті видеоға түсіп қалған

20 мамыр 2022, 23:18

Орал тұрғындары иттерге қатыгездік танытқандарға шағымданды. Ер адамдардың иттерді мөшекке салып, алып кетіп жатқан видеосын кішкентай бала түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

Қаңғыбас иттер тақырыбы Оралдықтар үшін ең қызу талқыға түскен, өзекті тақырыптардың біріне айналға,н. Қала тұрғындары екіге бөлінді. Бірі иттерді қорғап шықса, енді бір бөлігі олардан келетін қауіпті алға тартқан. 

Жануарлар құқығын қорғаушылар иттер өз беттерінше адамға шабуыл жасамайды, ал егер жануарлар агрессия көрсетсе, бұл адамдардың тікелей кінәсі деп сендіреді. 

Сондай-ақ, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң күшіне енгеннен кейін ұсталған қаңғыбас иттер мен мысықтарды эвтанизациялауға тыйым салынғанын еске салады. Құзырлы органдар оларды тек ұстап алып, қажетті екпелерді жасап, зарарсыздандырып, мекеніне қайтара алады.

"18 мамырда "Алтын алма" базарында тапа-тал түсте иттер ерекше қатыгездікпен ұсталды. Иттерді ұстаған адамдар байланысқа шықпаған. Иттерді әрі қарай қайда апарғаны белгісіз. Видеоны бала түсіріп алған", - делінген ақпаратта.