Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы кардиологиялық орталықтан шығарылды - БАҚ

24 қаңтар 2023, 09:26

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтан шығарылды, деп хабарлады РИА Новости Астананың медициналық ортасындағы дереккөзге сілтеме жасап.
 
"Пациент ауруханадан шықты", - деп агенттік дереккөзі қысқа жауап қайырды.
 
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 20 қаңтарда 82 жастағы Назарбаевтың жүрегіне ота жасалып, оның сәтті өткенін айтқан болатын.

 
Кейін қазақстандық кардиохирург Юрий Пя елдің бұрынғы президенті үшін жоспарлы емдеу-диагностикалық процедура жүргізілгенін хабарлады.

 
"Бұл халықаралық номенклатура бойынша хирургия санатына жатпайды", - деді дәрігер.

 
Содан кейін Юрий Пя экс-президент өзін жақсы сезінетінін және сауығып кетуге ұзақ уақыт кетпейтінін атап өтті.

sputnik.kz