ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі бар өмірін балаларына арнап, жұмыссыз болған аналардың зейнетақысының қалай белгіленетініне байланысты сауалға жауап берді. Сөзінше, мемлекет мұндай аналардың әр баласына 3 жылдық еңбек өтілі ретінде қарастырады, деп хабарлайды Alashainasy.kz Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тамара Дүйсенова қазір елді дүрбелеңге түсірген пәтер мәселесінің бір шешім табуын қолдайтынын жеткізді. Сөзінше, мемлекет бұл жайтты адамдардың мүдделерін қорғай отырып, шешуі керек.
"Біздің жалға беру нарығымыз толық реттелмеген. Көлеңкелі тұстары көп. Қазір бұл мәселені Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қарастыруда. Олардың тарапынан шешімдер мен ұсыныстарын жақын арада береді деп ойлаймын. Менің жеке пікірім, бұл мәселе пәтер иелерінің де, осы пәтерлерді жалға алатын адамдардың да мүдделері қорғалатындай етіп реттелуі керек", - деді Еңбек министрлігінің басшысы.
Ол реттеу белгілі бір бағаны шектеуді білдірмейтінін айтты.
"Нарық ретінде реттеу: қанша пәтер жалға берілетіні, бұл тұлғалар салық төлеуші болып табыла ма, олардың мүдделерін қорғау үшін қанша қажет ескерілуі қажет", - деп қосты министр.