Оралда ер адам полиция пунктінің қасында дәрет сындырған

17 наурыз 2023, 23:33

Оралда ер адам полиция пунктінің қасында дәрет сындырған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

55 жастағы ер адам ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол өзінің іс-әрекетін ақылы дәретханаға ақшасы болмағанынан және полиция қызметкерлері абыройына нұқсан келтіргісі келмегенін түсіндірді.