Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өскемен тұрғыны әйелін үйде өзі босандырып алды

21 желтоқсан 2022, 11:06

Өскемен қаласында ер адам әйелін үйде өзі босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 желтоқсан күні болған.

Жүктіліктің 37 аптасындағы әйел кенет толғата бастайды. Сол кезде күйеуі бірден жедел жәрдем шақыртқан.

Алайда медицина қызметкерлері келіп жеткенше диспетчер ер адамға телефон тұтқасын қойғызбай, не істеу керектігін түсіндіріп отырды.

«Диспетчер оған әйелін босандыру үшін кезең-кезеңімен нұсқаулықтар берді. Телефонды дыбыс күшейткішке қойған азамат әр айтқан әрекетті қайталап отырды. Көп ұзамай әйел аман-есен босанып, шақалақтың жылаған үні естілді», - делінген ақпаратта.

Содан соң диспетчер баланы анасының кеудесіне қоюға кеңес берген.

Сәлден кейін жедел жәрдем қызметкерлері де келіп жетті.