Өскемендегі қоныс колониясында ағылшын тілін оқыту үйірмесі ашылды

22 шілде 2022, 23:40

Қазіргі уақыт табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытын дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны. Ал басқа мемлекеттің алдында өз елінің дәрежесі биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру де артық етпейді.

 

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамда алар орны да ерекше. Дүние жүзінің көптеген елі ағылшын тілін жетік біледі.  Ағылшын тілін білу адамға жаңа әлемнің есігін ашып береді. Осыған орай  ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі меморандум жасау арқылы сотталғандардың ағылшын тілін үйрену курстарына қатысуына жол ашты.

Өскемен қаласының ішінде еркін жүру құқығына ие сотталғандар уақытын тиімді пайдалану мақсатында Оралхан Бөкей атындағы кітапхана іргесінде орналасқан шет тілі курстарына көптеп жазылуда. Олардың қатары күн санап көбейе бастады.  Курс кітапхана мекемесінің аумағында  өткізіледі. Кітапхана өз тарапынан курс өтетін кабинеттерді көрнекі-құралдармен жабдықтап берді. Курсты аяқтаған білім алушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Сотталған азаматтар білім алып, тіл үйренуге осындай мүмкіндік жасаған мекеме әкімшілігіне алғысын білдіруде.

 

Арай Көшербаева

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22

мекемесінің қызметкері.