Павлодар тұрғыны "банк менеджерлерінің" кесірінен екі несие төлеуге мәжбүр екенін айтты

28 мамыр 2022, 12:24

Петропавл тұрғыны банктен соққан қоңыраудың кесірінен екі несие төлеп жүргенін айтты. Максим Тусаевқа менеджерлер хабарласып, әріптестері оның мойнына қарыз ілуге тырысып жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Заңсыз операциялардың күшін жою үшін менеджерлер ер адамнан шұғыл түрде банк бөлімшесіне келуді сұрады. Олар сол жерде несие алып, ақшаны көрсетілген есепшотқа аударуды ұсынды. Максим олардың айтқанын істеген. Ал қазір ол қолына бір минут та ұстамаған 900 мың теңге қарызды төлеуге мәжбүр.

“Олар сенімді сөйледі. Сондай-ақ олар мөрі, түрлі депутаттардың, директорлардың қолдары бар жалған құжаттарды тікелей WhatsApp арқылы жіберді. Сенбеу қиын болды. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабын айтып, менің сеніміме кірді. Мен қылмыстық кодексті қарадым, бәрі сипаттамаға сәйкес келді”, – деді Максим Тусаев.


Ақмола облысында алаяқтар ер адамды несие алып, үйін сатуға мәжбүрлеген

Қазақстандықтар гипноз жасаушы алаяқтардың көбейгенін ескертуде: Олардан қалай қорғануға болады

Полиция алдау схемасы неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым көп азаматтар ілмекке түседі дейді. Тек осы жылдың басынан бері өңірде 319 интернет-алаяқтық тіркелген. Алданған әрбір бесінші адам банктің қауіпсіздік қызметінің жалған қызметкерлеріне сенген.

“Ең басты мәселе - интернет алаяқтар қазір Ұлттық Банк, Нұр-сұлтан қаласы полиция департаменті, прокуратура қызметкері ретінде қоңырау шалады, сондықтан олар интернет-алаяқтар екенін анықтау үшін хабарласып тұрған мекемеге қоңырау шалу керек.Екінші деңгейлі банктердің ешбірі клиенттерге қоңырау шалмайды”, – деді Петропавл қаласының полиция бөлімінің бастығы Жандос Мұхатов.