Павлодарда хабарсыз кеткен 19 жасар қыз іздестірілуде

25 қаңтар 2023, 10:10

Іздеуді полицейлер, еріктілер және қала тұрғындары бірлесіп жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

"VITA" іздеу жасағының еріктілері атап өткендей, Инара Ахмет 19 жаста.

- Ол 24 қаңтар күні сағат 10.00-де Сұрағанов көшесі, 11- үйден белгісіз бағытта шығып кеткеннен, қайтып оралмаған, - делінген хабарламада.

Оның бойы 140 см, дене бітімі орташа, қоңыр көзді, шашы қара қоңыр.

Үстінде сары түсті қысқа куртка, қою көк джинсы, ақ тымақ және қара етік киген.

Бойжеткенге қатысты кез келген ақпарат маңызды. Сондықтан оны көрген-білгендер болса іздеу парағында көрсетілген  нөмірлерге немесе 102-ге хабарлауды сұрайды