Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Пайдалы қазбалардың жаңа қорларын ашу жұмыстары мардымсыз жүруде - Әлихан Смайылов

20 желтоқсан 2022, 11:32

Үкімет отырысында геология саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы айтылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қазақстан минералдық-шикізаттық ресурстардың саны мен түрі жағынан әлемде жетекші орындардың қатарында.

Дегенмен біздің еліміз осы табиғи артықшылықты толықтай пайдалана алмай отыр. Соңғы жылдары пайдалы қазбалардың көптеген түрі бойынша жаңа қорларды ашу жұмыстары мардымсыз жүруде.

Мысалы, таяу онжылдықта Шығыс Қазақстанда Орлов, Малеев, Тишинское және Риддер-Сокольное сияқты ірі металл кен орындары игерілетін болады.

Өнеркәсіптік шикізатқа сұраныстың өсуі жаңа кен орындарын іздеп-тауып, минералдық-шикізат базасын кешенді дамытуды талап етеді. 

Осыған байланысты геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту үшін тиісті жағдай жасау қажет.

Инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылды.

KAZNEDRA ақпараттық платформасы пилоттық режимде жұмыс істеп тұр.

Жер қойнауын пайдалану саласында нормативтік-құқықтық база түбегейлі өзгерді.

Жер қойнауы мен геологиялық ақпарат барынша қолжетімді болды.

Кен орнын ашқан компаниялардың оны әрі қарай игеру үшін құқықтарын қорғау күшейтілді.

Лицензия беру тәртібі кен орындарын игеруге құқық беру мерзімін едәуір қысқартты.

«Бүгін қаралып отырған Тұжырымдама жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шаралар ескеріле отырып, әзірленді. Онда саланы цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті арттыру сияқты саланы дамытудың басым бағыттары көрініс тапқан», — деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.