Пеші істемейтін көлігін от жағып жылытып жүрген алматылық көпті таңғалдырды

23 қаңтар 2023, 13:34

Көлігін қолдан жылытқан Алматы тұрғынының әрекеті ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Әзірге қала көшелерін түтіндетіп жүрген жүргізушіге қатысты полиция қандай шара қолданғаны белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған видео жұрттың таңдайын қақтырды. Онда көлігінің үстіне және артқы бөлігіне от жағып жүрген жүргізушіні көруге болады. Қақаған қыста ол пеші істемей қалған көлігімен осылай жүруге мәжбүр.

 
Ал желі қолданушылары жоқтан бар жасаған алматылыққа қатысты түрлі пікір жазып жатыр. Бірі оған айыппұл салу керек десе, енді бірі қиыннан қиыстырған жүргізушіге ақша жинап берейік деп бастама көтерген. Қала көшелерін түтіндетіп жүрген ер адамның кім екені де әзірге белгісіз.