Петропавлда оңалту орталығы 17 млн теңгеге макарон сатып алмақ болған

13 сәуір 2022, 15:59

Петропавлда әлеуметтік оңалту орталығы келісі 17 млн теңге тұратын макарон алуды жоспарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы күмәнді лот Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің назарын аударды. Олардың араласуынан кейін орталық "тәбетін" басып, келісі 250 теңге тұратын макаронға тоқтады. 

Ал Ақжар ауданында ауыл әкімдігі 933 мың теңгеге көмір сатып алмақ болған. Енді олар шығындарды қайта қарастыруға мәжбүр. 

Жыл басынан бері аймақта бағаны көтермелеудің 32 фактісі тіркелді. Заңсыз баңа көтеруге тосқауыл қоюдың арқасында бюджет қаржысының 600 млн теңгесі үнемделді.