Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Полиэтилен пакетін парашют етіп ойнаған". Текеліде сегіз жастағы бала бесінші қабаттан секіріп кетті

26 сәуір 2023, 16:15

Текеліде сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен полиэтилен пакетін парашют етіп ойнап жүріп, секіріп кетіп аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 25 сәуірде сағат 12:20-да болған.

"Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына арқасы көгерген, кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды", - делінген хабарламада.