Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

30 желтоқсан 2022, 11:07

Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.