ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан және ғылыми қызметке айрықша еңбек сіңірген бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлады Ақорда. Жарлықтың толық мәтінін ұсынамыз
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:
I дәрежелі «Барыс» орденімен
Жұрынов Мұрат – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті;
IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Әбділдин Жабайхан – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі
Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі
Кішібеков Досмұхамед – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;
«Парасат» орденімен
Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Орталығының директоры
Блиев Назарбай – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі
Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры
Күрскеев Әбдірахман Козлоевич – Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК бас ғылыми қызметкері
Пак Иван Тимофеевич – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі
Сманов Бақтияр Өрісбайұлы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті» КеАҚ профессоры
Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;
«Құрмет» орденімен
Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы – «А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ бас ғылыми хатшысы
Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – «Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ ректоры
Косов Владимир Николаевич – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі
Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК директоры
Медеу Ахметқал – «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы
Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы – «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры
Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры
Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы – «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі
Төлешов Амандық Қуатұлы – Білім және ғылым министрлігінің «Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» РМК бас директоры;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Дәулетов Асқар Ербұланұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ деканы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 31 мамыр
№ 904