Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Президент шыршасына қатысқан оқушыларға 100 мың теңгелік сертификат табысталды

26 желтоқсан 2022, 11:18

Биыл республика бойынша президент шыршасына 4 мыңнан астам оқушы қатысты. Әрбір қатысушы бағалы сыйлық немесе 100 мың теңгелік сертификат алды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мерекелік шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында өтті.


Биылғы жаңажылдық шыршаның тақырыбы "Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!" болды.


 
"Биыл шыршаға 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды. Еліміз бойынша кешке қатысқандардың жалпы саны 4 мыңнан асты", - деді оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейітов.


 
Олар оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар.

sputnik.kz