«Президенттің жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге тыйым салынады» – Тоқаев

05 мамыр 2022, 21:29

Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітіліп, жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынатын болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады» - деді Президент.

Skifnews.kz