Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Прокуратура "Өнер қырандары" театрын тексеріп жатыр

23 желтоқсан 2022, 09:51

"Өнер қырандары" театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізетінін хабарлап, билет сатқан деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде 24-25 желтоқсанында Республика сарайында "Өнер қырандары — Харекет қорына 5 жыл" іс-шарасын өткізу туралы жалған ақпарат тарауда. Бұл туралы "Алматы әуендері" хабарлады.


Ұйымдастырушымен аталған іс-шараны өткізуге шарт жасалмаған. Сонымен қатар аталған күндері Республика сарайында "Жаңа жылдық шоу" өткізу жоспарланған, - делінген хабарламада.


Осыған қарамастан "Харекет" қайырымдылық қоры" ҚҚ және "Өнер қырандары" театрының өкілдері іс-шараны өткізу туралы жалған ақпарат таратуды жалғастырып жатыр екен.


Сондай-ақ билеттерді Kassir.kz арқылы сатқан. Тиісті құқық органдарының тексеруімен аталған шараның өту күні жалған екені анықталды, - делінген хабарламада.


Енді 24- 25 желтоқсанда өтетін "Өнер қырандары — Харекет қорына 5 жыл" концертіне сатылған барлық билеттің күші жойылды. Билет ақшасы kassir.kz сайтында белгіленген ереже бойынша қайтарылмақ.