Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Qazcontent ұжымы БАҚ қызметкерлері күнін атап өтті

28 маусым 2023, 22:04

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне журналистерге арналған тимбилдинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ойын-сауық, танымдық іс-шара мақсаты – ақпарат таратуда республикалық сайттарда алдыңғы қатарда жүрген журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар ұжымдық ауызбіршілік пен еңбек өнімділігін арттыруға сеп болу.

Атаулы датаға сәйкес орайласқан шарада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі құттықтау сөзін айтып, журналистерге ақпарат айдынында жемісті еңбек тіледі.

Сонымен қатар осы күні бірқатар журналистер марапатталды.

Атап айтсақ, Президенттің Алғыс хатымен BAQ.KZ ақпараттық сайтының аға тілшісі Гүлжан Раманқұлова; Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатымен EL.KZ сайты бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров пен BAQ.KZ редакторы Самал Алманова, Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен BAQ.KZ тілшісі Мақпал Жұмашева мен мультимедия бөлімінің жетекшісі Нұртай Башенов; Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Алғыс хатымен Жансая Қамбар марапатталды.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен baigenews.kz сайтының бас редакторы Гүлмира Біләлова марапатталды.

Бұдан өзге Qazcontent акционерлік қоғамыынң төрағасының Алғыс хаты мен сыйлықтары бірқатар қызметкерлерге табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін «Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді деп хабарлаған болатынбыз.

«Qazcontent» АҚ – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания алты ақпараттық ресурстарды біріктіреді. Бұл жаңалықтар сайттары – baigenews.kz, baq.kz және el.kz, тақырыптық порталдар – adebiportal.kz және e-history.kz, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты.

Компания ресурстары үш тілде қол жетімді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.