Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ренжітіп, бір сағаттан кейін жақсы көретінін айтады: социопаттың 10 белгісі

24 сәуір 2023, 17:00

Социопат деген кім? Социопат - тұлғалық диссоциалды (антисоциалды) бұзылысы. Социопат - ол тек өзінің жеке қызығушылығына негізделе отырып шешім қабылдайтын адам. Ол оның әрекеті басқаларға, тіпті, қарым-қатынастағы серігіне қалай әсер ететінін ойламайды. Roomidea.ru социопатты қандай белгілерден анықтауға болатынын ұсынды.

Табиғи тартымдылыққа ие

Әдетте, социопаттар ерекше харизмаға ие. Олар өздеріне назар аударта алады және олар жиі тартымды келеді. Көпшілік социопат мінсіз көрінеді.

Кенеттілік  

Социопаттар жалпыға ортақ нормаларға бағынбайды. Олар мұндай ережелерді жек көреді, сондықтан да олардың әрекетін алдын ала білу мүмкін емес.

Оларға өкіну тән емес

Олар ешкімді аямайды, олар басқалардың сезімдері мен эмоцияларын түсінбейді. Олар үшін тек өздері маңызды. Сондықтан да мұндай адамдарға бір нәрсе жайлы өкіну немесе ар-ұят сезімі тән емес.

"Ертегі" айтуға бейім

Социопаттар жиі өтірік айтады. Олар өздерінің жетістіктері мен еңбектерін қосып айтады, ал жағымсыз нәрселерге келгенде үндемей қалады. Өкінішке қарай, мұндай адамдар серігін өзінің "ертегісіне" көндіреді, сондықтан оны анықтау оңай болмайды.

Қалай болса да жеңуі керек

Социопаттарға эмпатия тән емес болғандықтан, олар қажет нәрсеге қол жеткізу үшін бәріне барады. Олар бір өтіріктің артынан екіншісін айтып, оған қоса сізді де соған тартуы мүмкін.

Манипуляция жасаудың шебері

Әр социопат - манипулятор. Мұндай адамдар қалай әлсіз адамды өзіне бағындыру және оны басқалар арасынан қалай табу керегін біледі. Олар адамдарды жақсы таниды және интуитивті түрде психологияны жақсы біледі.

Ешкімді жақсы көрмейді

Мұндай адамдардың отбасысы, достары болуы мүмкін, бірақ олармен бейбіт өмір сүре алмайды. Социопаттар үнемі жақындарын жанжал шығаруға итермелейді, себебі әрқашан оларды кінәлайды. Оларға бауыр басу және эмоционалды жақындық тән емес.

Бақылаусыз агрессия

Бұл адамдар жиі агрессивті келеді. Күтпеген жерден оның жағынан ашу, дөрекілік пайда болуы мүмкін. Олар мұндай жағдайларда өздерін ұстай алмайды. Сізді барлық нәрсе үшін кінәлап, агрессия көрсетіп, бір сағаттан соң өзін ештеңе болмағандай ұстауы немсе күліп отыруы мүмкін.

Ешқашан кешірім сұрамайды

Социопаттың кешірім сұрағанын ешқашан естімейсіз. Басқаның реніші олар үшін түсініксіз нәрсе. Мұндай адамдар күйзелістік жағдайларда "ең жақсы қорғаныш - шабуыл" принципін ұстанады.

"Маска" киіп жүреді

Әдетте мұндай адамдардың күлкісінің өзі шынайы болмайды. Сондай-ақ әңгімелесу кезінде қолын тығып тұруы және басқа жаққа қарай беруі мүмкін.

massaget.kz