Ресей Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға тапсырды

08 мамыр 2022, 00:38

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады.

Документалист, сарапшы Ақмарал Баталова оларды Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан алған, деп хабарлайды Экспресс К Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аталған бірегей материалдар 1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагқа Жауынгерлік ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігінің айғағы.

 

Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды. Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігі — жалпыға мәлім факт, дегенмен енді әскери музейде олардың батырлығы мен қайсарлығын айғақтайтын құжат сақталады, — деді генерал-майор Серік Борамбаев.


Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев, Нұр-Сұлтандағы Русский дом қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу бағдарламасының маңызды бөлігі, деп қосты елшілікте.