Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресейден 21 шетелдік компания Қазақстанға көшті

22 желтоқсан 2022, 18:48

Ресейден 21 шетелдік компания Қазақстанға көшті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер бұрынырақ Еуразия нарығында болғысы келген компаниялар Ресей экономикасының бізден 10 есе үлкен болуына байланысты сауда жасау, тауарларын сату үшін бас кеңселері үшін Мәскеу мен Санкт-Петербургті таңдайтын. Қазір санкцияларға байланысты олар басқа қалаларды таңдауға мәжбүр. Біз оларға балама ретінде Алматы мен Астананы ұсынамыз. 62 компания ниет танытты. Оның ішінде қазіргі уақытта 21 жоба жүзеге асырылды», - деді министрдің орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

«362 компанияға қызығушылық танытамыз. Бұл тізім толықтырылып отырады. Кейбір компаниялар ұсынымыздан бірден бас тартады немесе жағдайдың одан ары қалай дамитындығын байқап көретіндігін айтады. Дегенмен, бұл жұмысты жалғастыра береміз», - деді Алмас Айдаров.