Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресейге әскери шлемдерді заңсыз әкетпек болған күдікті ұсталды

16 наурыз 2023, 15:03

«Қайрақ» автомобиль өткізу пункті арқылы Ресейге әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактарды алып өтпек болған көлік жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҰҚК Шекара қызметінің бірлескен әрекетімен «Газель» маркалы көліктің жүк бөлігінен әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактар табылды. Тасымалдау мұқаба тауарларын қолдана отырып жүзеге асырылған. Тауарларға ілеспе құжаттамада тауарлар туралы мәліметтер жоқ. Жүгі бар көлік өткізу пунктінің аумағында болады. Тауарлардың шығу тегін және әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылданады», - деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Департамент дерегінше, мән-жайлар анықталған соң, бұл әрекетке қатысы бар адамдар жауапқа тартылып, жүк мемлекет пайдасына тәркіленеді.