Ресейлік "Дождь" телеарнасы жұмысын уақытша тоқтатты

04 наурыз 2022, 00:38

Ресейлік "Дождь" телеарнасы жұмысы уақытша тоқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге дем алып, әрі қарай қалай жұмыс істейтінімізді түсініп алуымыз керек. Эфирге оралып, жұмысымызды қайтадан бастаймыз деп үміттенемін", - деді телеарнаның бас директоры Наталья Синдеева. 

Ресейде "Дождь" телеарнасы 2021 жылдың тамызында шетелдік агент деп танылған. 

 
Бұған дейін Бас прокуратура Роскомнадзорға "Эхо Москвы" мен "Дождь" телеарнасын шектеу туралы талаппен жүгінген болатын. 

Бүгін "Эхо Москвы" радиосы мен оның сайты жабылатыны белгілі болды. Бұл туралы радионың бас редакторы Алексей Венедиктов Telegram-арнасында мәлімдеді.