Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Саясат Нұрбек Түркиядағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығы делегациясымен кездесті

27 желтоқсан 2022, 11:54

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанаға арнайы іс-сапармен келген Түркиядағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығы делегациясымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оған орталықтың төрағасы Ғанимет Қайсаұлы, төраға орынбасары Ержан Уәйіс, Ыстанбұл Айдын университеті қамқоршылар кеңесінің төрағасы және университеттер қауымдастығының төрағасы Сельман Арсланбаш және Edutolia-Education негізін қалаушы Ибрахим Албайрак қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынас, білім және ғылым саласындағы ортақ жобаларды іске асыру, ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар қазақстандық студенттерді Түркия елінде оқытудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары, Түркия университеттерінің жәрмеңкесін Қазақстанның әр өңірлерінде өткізуді жоспарлау; Қазақстан мен Түркия университеттері арасында ынтымақтастық туралы келісімдер жасау және басқа да өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты.