Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

21 желтоқсан 2022, 12:36

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Ол 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды мамыр айына дейін жүзеге асырады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 отандық ғалымға мемлекет есебінен ғылыми тағылымдамадан өтіп, әлемнің жетекші зертханаларында зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріледі. Биыл ғалымдарды іріктеу критерийлері жетілдірілді. Тағылымдамадан өтуге болатын ЖОО мен ғылыми орталықтар тізімі алғаш рет жасалды. Зерттеулердің өзекті бағыттары бойынша мамандықтар тізімі бекітілді. Сарапшылар комиссиясының құрамына қойылатын талаптар күшейтілді. Енді оған инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары ғана кіреді», – деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.