2022 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы жарлыққа қол қойылды. Еліміздің барлық аймақтарында Сайлау науқанына байланысты жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізу үшін қызу дайындық басталып кетті.
Екі айдай уақыт ішінде атқарылатын іс-шаралар жоспарын құруға байланысты ШҚО бойынша ҚАЖД №24 мекемесінде мекеме бастығы әділет подполковнигі Руслан Толеубаевич Токтыбаевтың бастамасымен мекеменің жеке құрамына жедел жиын өткізілді.
Жиын барысында барлық іс-шара хаттама арқылы жүзеге асуы қадағалануы керектігі, Комиссия мүшелерін және оларға жүктелетін жауапкершілік ауқымды екендігі айтылды. Аталған іс-шарадан кейін қоңыс колониясында да дайындық басталды. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы арнайы контингентке де жеткізілді.
Мынғатов А.А
Кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және
дене шынықтыру дайындығы жөніндегі
аға инспекторы әділет капитаны