Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШҚО-да әкесі ұлын атып өлтіріп, кейін өзіне қол салған

19 желтоқсан 2022, 13:10

ШҚО-да әкесі мен ұлының өлі денесі өз үйінен табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы Қабырға ауылындағы үйден екі адамның денесін тапқан. Олар – зорлықпен өлтірілген 59 және 29 жастағы екі ер адам.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ атып, ұлын жаралаған. Ұлы сол жерде қайтыс болған, содан кейін әкесі өзіне қол жұмсаған.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1- бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің деректері жарияланбайды» деп мәлім етті полиция.