Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 12 адам көз жұмды

01 қаңтар 2023, 12:06

Шығыс Қазақстан облысында өткен жыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалардан 12 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының ШҚО бойынша департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, биыл өңір бойынша өндірісте 147 жазатайым оқиға болған. Соның салдарынан 158 адам зардап шекті, оның 80-і ауыр жарақат алса, 12-сі көз жұмды.

«Шығыс Қазақстанда 38 мыңнан астам адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда өндірісте жарақат алу көрсеткіші 8,1 пайызға төмендеген. Өндірістегі жарақаттардың негізгі үлесі – тау-кен металлургиялық кәсіпорындарға тиесілі», – дейді басқарма басшысы Бақытбек Қизатов.

Оның айтуынша, департамент пен облыс әкімдігі бірлесіп, 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдаған. Аталған жоспар шеңберінде бірнеше жоба жүзеге асырылып, өндіріс орындарындағы бақылау күшейтіледі.