ШҚО мектептерінде бірінші ауысым қашықтан оқу форматына ауыстырылды

25 қаңтар 2023, 09:44

Бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, 25 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқытылады:

⁃ Күршім ауданында (К.Нұрғалиев атындағы, Ақбұлақ, Правоусть, Қалжыр, Қазақстан гимназиясы, Қалжыр ОМ).


Бұған дейін 25 қаңтарда Қазақстанның солтүстігінде, шығысында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты қар жауып, боран және күшті жел соғатыны, оңтүстікке тұман түсетіні хабарланған болатын.