Шымкент әуежайында жас жігіттен діни мазмұндағы 90 кітап табылды

25 қаңтар 2023, 10:18

Шымкент қаласындағы әуежайда Тараз қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол "Шарм әл-Шейх – Шымкент" бағытындағы рейс жолаушысы болған, деп хабарлайды Экспресс К

Көліктегі полиция департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, тексеру барысында жас жігіттен діни мазмұндағы 93 кітап табылған.


Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбеттің айтуынша, Тараз тұрғынының үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, дайындау, шығару, басып шығару және тарату( бабымен хаттамала толтырылған.


Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігімен хаттама толтырып, сотқа жолдады, — деді ол.


Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 50 айлық есептік көрсеткіш (153 150 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.