Шымкент тұрғыны жәудір сатамын деген хабарландыру жарияланған

24 қаңтар 2023, 09:31

Шымкент тұрғыны түлкінің төлі жәудірді ұстап алып, оны сатпақ болған. Бұл туралы хабарландыру сайтына жарнама да берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Хабарламаны көзі шалған қала белсенділері оны тордан босатты. Ал қала тұрғыны жәудірді 20 тауығын буындырып өлтіргеннен кейін шығынды өтеу үшін сатпақшы болғанын айтқан.

"Жануарларға көмектес" ұйымының волонтері Эмилия Өскенова қасқырлар мен түлкілерге қатысты заңда көп олқылық барын, сондықтан құзырлы органға хабарламай, өз бетінше түлкінің төлін сатып алған.

Волонтерлер жәудірге ветеринардың көмегі қажет емес екенін білген соң оны босатып жіберген.