"Сонша жылаттың ғой". Әнші Qanay әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады

05 мамыр 2022, 17:35

Qanay лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қазақстандық әнші-композитор Ескендір Хaсaнғaлиевтің "Бозторғайым" әнін қайта жаңғыртып, видео түсірді. Ән фонында әскерге кетіп, бірнеше күннен соң қайтыс болған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай туралы жаңалықтар көрсетіледі.

 
Qanay-дың орындауындағы "Бозторғайым" жұрттың жүрегін елжіретті. 

"Жаным-ау жаным нағашы апаларының аппақ жиені. Бақұл бол!", "Көзден жас тамды", "Әттеген-ай, өкінішті өте", "Айналайын інім, бауырым, сонша жылаттың ғой мына әніңмен. Ғұмырың ұзақ болсын", "Тек биіктерден көріне бер. Айтарға сөз жоқ", "Қандай керемет! Жүрегің елжіреп кетеді", - дейді қазақстандықтар.

"Бозторғайым" әні жетпісінші жылдары жазылған. Ескендір Хасанғалиев естеліктерінде, бозторғай - жыл құсы емес, ол қанша қиын болса да, туған жерінде қыстайтын сирек құстардың бірі деген екен.

"Бұл - өз жерінде өзінің ана тілінде сөйлей алмайтын халқым үшін жанымның назын сипаттайтын ән", - деп келтерді композитордың сөзін "Белгісіз Қазақстан" блогының авторы Диас Камериданов.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/G8A1qtOkJWE" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Tengrinews.kz