Еліміздегі студенттердің бірі Павлодар қаласының әкімінен әлеуметтік желі арқылы ақша сұраған. Бұл жағдайды әкім өзі жазды, деп хабарлайды Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Білімгердің ақша сұраған жазбасын әкім Іnstagram-дағы парақшасының сторисіне салды. Онда студент күнделікті жүріп-тұрғанына қаржы жетпей тұрғанын жазған. Әрі степендия түскенше көмек қолын созуды сұрап, банктік есепшотына дейін көрсетіпті.
Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов бұл өтінішті жерде қалдырмаған. Десе де, сұраған ақшасын бере отырып, студентке "жас кезде әркімнен ақша сұрауды үйренбей, жұмыс істеп, керісінше оны адал еңбекпен табуды әдетке айналдыру" керегін ескерткен.