Талғат Ермегияевтың абақтыдағы видеосы тарады

30 наурыз 2022, 11:02

Видеодан Ермегияевтың спортпен айналысып жатқанын көруге болады.

Экс-шенеуніктің видеосын nege.kz сайты жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Талғат Ермегияев 2016 жылдың 9 маусым күні 14 жылға сотталған. Ол қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-тармағы (пара алу), 189-бабы 4-тармағы 2-бөлімі (өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету) бойынша айыпталды.

Сотта тергеуші Талғат Амангелдіұлының "Астана ЭКСПО 2017" ұлттық компаниясын басқарып тұрған кезде (2013-2015 жылдары) 4 миллиард 200 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырғанын айтқан болатын.