Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы жаңартылған заңға сәйкес енді Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда бір күн ғана тойланады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz baribar.kz сайтына сілтеме жасап.
«Осыған байланысты мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыны толықтыру ұсынылады, онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған», — делінген заң жобасында.
Осылайша, 22 қазан, сенбі жұмыс күні болып, Республика күні қазақстандықтар 23, 24 және 25 қазан 3 күн демалады.
Қазақстанда тұңғыш президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды. Сәйкесінше, 1 желтоқсанда қазақстандықтар жұмыс істейді.