Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тек Кентаудағы ЖЭО-ны жөндеу 40 млрд теңгеден астам қаржы қажет

01 қаңтар 2023, 20:45

Кентаудағы ЖЭО-ны жөндеуден өткізу үшін 40 млрд теңгеден астам қаржы қажет. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасасы Арман Жетпісбай айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Кентауда қаласында орналасқан жылу энерго орталығының тозуы 85 пайыздан асады. 1950 жылдары салынған орталық бүгінде шығынға жұмыс істеп тұр.

«ЖЭО-ға техникалық негіздеме жасалған. Кешенді жоспарға енгізілген болатын. Жөндеуден өткізу үшін 40 млрд теңгеден астам қаржы керек. Екібазтұздағы жағдайға байланысты қазір қайтадан техникалық зерттеу жұмыстары жасалып жатыр. Оған арнайы халықаралық компания тартылды» - деді Арман Жетпісбай.


Қазіргі кезде аталған ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. Оның 4-еуі тұрақты іске қосылған болса, екеуі қосымша резевке қойылған. Бір айта кетерлігі, барлық қазандық көмірмен жұмыс істейді. Оларды жөндеуден өткізгеннен соң, инвестор есебінен қасына табиғи газға қосылған электр стансасын салу жоспарланып отыр.

«Бірден 100 пайыз газға көшуге болады. Оған уақыт керек. Сосын газ тапшылығы туындап қалуы мүмкін. Қыс мезгілінде газ құбырынан ақау шықса, қосымша іске қосылатын резервтегі жылу орталығы болуы қажет. Сондықтан екі жүйе де керек» - деді Арман Жетпісбай.


Қазіргі кезде аталған жылу энерго орталығының қызметін 14 мың абонент тұтынып отыр. Оның ішінде 347 көпқабатты тұрғын үй, 2000 астам жеке сектордағы тұрғын үйлер мен 106 бюджеттік мекеме, 441 коммерциялық нысан бар.